Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі, аға тергеуші Данияр Бекайдаров баспасөз мәслихаты барысында айтып берді
– Ағымдағы жылдың 5 мамырында Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының үкімімен қалалық Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің инспекторы Б.Қ.Тыныштықбаев 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған, сонымен қатар, мемлекеттік қызметте өмір бойы еңбек ету құқығы берілмейді. Ол ТЖ кезеңінде фильтрациялық блок-бекеттен кедергісіз өткізу үшін азаматтардың бірінен 20 мың теңге пара алған, – деді Данияр Бекайдаров.