Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Алматы: 25 мамырдан бастап тамақтану орындары ашыла бастайды

867 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қонақүй кешендерін, қоғамдық тамақтандыру және діни ғимараттарының нысандарын 25 мамырдан бастап, кезең-кезеңмен іске қосу жоспарланып отыр.

Алматы: 25 мамырдан бастап тамақтану орындары ашыла бастайды

Алматы қаласындағы қоғамдық тамақтандыру, ғибадат ету және қонақ үй кешендерінің нысандарына қойылған шектеу шаралары, қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, кезең-кезеңмен алынатын болады.

Атап айтқанда, қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй кешендерінің нысандарын іске қосудың дайындық жұмыстарының шеңберінде, мегаполистің бизнес-қоғамдастығымен бірлесіп, аталған секторлардың ұйымдарын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жағдайда, ағымдағы жылғы 25 мамырдан бастап, кезең-кезеңмен іске қосу мәселесі талқылануда.

Сондай-ақ, бүгінгі күні Алматыда тәуекел топтарын жаппай тестілеу және инфекцияның жасырын ошақтарын анықтау бойынша жұмыстарының жалғасып жатқанын назарға ала отырып, қаланың діни ғимараттарына (мешіттер, шіркеулер, ғибадатханалар, синагогалар және т.б.) бару үшін шектеуді 18 мамырдан бастап алуға әлі ерте.

Алматы қаласындағы ғибадат ету орындарының қызметін қайта жалғастыру және қалалықтардың оларға баруына шектеуді санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жағдайда, 2020 жылғы 25 мамырдан бастап кезең кезеңмен алып тастау жоспарланып отыр.

Барлық іске қосылатын нысандар жаңа ұсынымдарға: әлеуметтік қашықтық, жұмыс орындарындағы қатаң санитариялық режим және т.б. сәйкес жұмыс істеуге міндетті. Бұл ретте, жұмыс орындарына тікелей қажетті жұмысшылар санын аталған ұйымдардың басшылары өздері белгілейтін болады.