Аймақтар • 14 Мамыр, 2020

Алматыда қылмыс деңгейі төмендеді

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде Алматы қаласында  қылмыс деңгейі едәуір азайған. Қаланың бас полицейі Қанат Таймерденов мәлімдегендей, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық сияқты қылмыстар 30 пайызға бәсеңдеген.

Алматыда қылмыс деңгейі төмендеді

 – Шаһардағы қылмыс деңгейі төмендеді. Бұған қоса, көшелерде, аулаларда қосымша жасақтар тартылғандықтан, ұрлық, бұзақылық көп болған жоқ. Ондай факт болғанның өзінде, көшедегі көп сақшының арқасында қылмыстың 60 пайызға жуығы тез әшкереленді, яғни қылмыстың ізін суытпай ашылуына септігін тигізді. Қала бойынша 500 мың автокөлік тіркелген. Ал оған облыстан келетін 250 мың көлікті қосқанда, шаһар көшесімен 750 мың машина жүріп өтетін. Бұл қалаға айтарлықтай салмақ салады. Ал карантин кезінде бұл көрсеткіш бірнеше есе түсіп, бір күнде 15 мыңдай машина жүретінін анықтадық, – дейді қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.