26 Қыркүйек, 2013

Дамудың жаңа бағыты

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің барлық өңірлеріндегідей Қарағанды айма­ғының жұртшылығы арасында да «Нұр Отан» ХДП «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында» атты Саяси доктринасы жобасы кеңінен талқы­лануда. Бұл маңызды құжат туралы ой бөлісуге арналған шара­­лар­дың бірі – облыс­тық мәслихат депутаттарының бас қосуы­мен өтті.

Жиынды мәслихат хат­шысы Нұрлан Дулатбеков ашып, ха­лық қалаулыларына негізгі бағыттарын та­ныстырды. Ол өз сөзінде да­му­дың эво­люциялық жолын жетілдіру, бәсекеге қабі­летті әрі әлеуметтік әлеуетті мемлекет құру мақсатында партияның жаңаша бел­сенділік танытуы барша азаматтар тара­пынан қолдау тауып отырғанына тоқ­талды.

Сөз алушы депутаттар Раушан Досмағамбетова, Базарбай Әлеуханов және басқалары доктринада Отанымыз үшін адамнан асқан құндылық жоқ екені, бүкіл құндылық белгілері адам­дарға қызмет ететіндігі алдымен аталуы партияның қоғам ал­дындағы жауап­кершілігін ай­қындайтындығын, ал әрбір азамат өзі өмір сүріп жатқан ортадағы береке-бірлікке үлкен үлес қоса білу керектігін айтып, жобаның бөлімдері бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.

Соңғы жаңалықтар