Әлем • 14 Мамыр, 2020

АҚШ Қазақстанның медицинаны цифрландыру тәжірибесіне қызығушылық танытты

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ Қазақстанның медицинаны цифрландыру тәжірибесіне қызығушылық танытты

Медициналық ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттесуі кезінде алмасатын ақпараттың мәнін бірдей түсінуді қамтамасыз ету үшін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішев 2020 жылы 23 сәуір күні «Цифрлық денсаулық сақтау кеңістігінде объектілік сәйкестендіргішті беру туралы» ережесін бекітті.

Ереже бір платформада бірыңғай орталықтандырылған медициналық деректердің қоймасын құруға мүмкіндік береді. Бұл үлкен деректерді қосымша өңдеусіз алмасу болып табылады.

Бұл оқиға АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігін қызықтырды. COVID-19 пандемиясымен күрес кезінде аталған тақырыптың өзектілігін ескере отырып, Агенттік Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігін BNSR (Biosurveillance Network of the Silk Road countries) онлайн сессиясына Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша тәжірибесін өзге мемлекеттермен бөлісу үшін спикер ретінде шақырды.

Барлық сессиялар Bnsr платформасында Жібек жолы елдерінің эпидемиологтары мен медицина мамандары үшін ашық алаңда өткізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Биологиялық қауіпті азайту жөніндегі бағдарлама аясында АҚШ-тың серіктесі болып табылады.

Қазіргі уақытта екі тараптың да бағдарлама сарапшылары Covid-19 пандемиясына қарсы күреске белсенді тартылған. Сондай-ақ, Орталық Азия, Кавказ, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа елдерінен шақырылған тар бейінді сала мамандары мен кәсіби медицина саласының тыңдаушыларымен/қатысушыларымен тұрақты негізде бейнеконференциялар өткізіліп тұрады. Өткен аптада қазақстандық медициналық мекемелер мен үкіметтік құрылымдардың өкілдері коронавирусты емдеу хаттамаларына, таралуына, ғылыми тәсілдеріне қатысты сессияларға қатысқан болатын.