Әлем • 14 Мамыр, 2020

Қазақстан мен Моңғолия Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысына дайындық талқыланды

199 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Вице-министр К.Төребаев бірлескен Үкіметаралық комиссиясының Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнінде 8-інші кеңеске дайындық барысын талқылау үшін бейнеконференция режимінде Моңғолия Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдерімен келіссөздер жүргізді, Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтанов пен Моңғолия Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі С. Чинзориг оның тең төрағалары болып табылады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Моңғолия Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысына дайындық талқыланды

Онлайн-келіссөздерге Монғолияның салалық мемлекеттік органдары мен екі елдің Төтенше және Өкілетті елшілері қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар Үкіметаралық комиссияға дайындық бойынша атқарылған жұмыс пен ағымдағы жағдай туралы ақпаратпен алмасты.

Тараптар ҮАК 8-ші отырысына дайындық бойынша өткізілетін барлық іс-шаралардың Моңғолия Премьер-Министрі У. Хурэлсухтың 2019 жылғы 10-12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапары шеңберінде қабылданған, Қазақстан мен Моңғолия Премьер-Министрлерінің қол жеткізген уағдаластықтарды орындау үшін жүзеге асырылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Вице-министр К. Төребаевпен кездесу барысында екі темір жол тармағы (Таван-Толгой-Зуунбаян және Таван – Толгой-Гашуунсухайт) құрылысы жүзеге асырылатын Таван – Толгой ірі таскөмір кен орнын игеру жобасы шеңберінде «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның 40 магистральдық «ТЭ33АС» және қаржы-сақтандыру құралдарын қолдана отырып, «ТЭМ11А» маневрлік тепловоздарын жеткізу бойынша ынтымақтастықты іске асыру ұсынылды.

Қазақстандық тарап ІҚМ импортына қызығушылық танытып, таяу уақытта Моңғолияның азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігіне ресми ұсыныстар жіберетінін хабарлады.

Кездесу соңында тараптар моңғол тарапының 2021-2024 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі 8-ші отырыстың күн тәртібінің, хаттамасы мен жол картасының жобаларына ұсыныстар беруі туралы, сондай-ақ қазақстандық тараптың локомотивтерді жеткізу жөніндегі ұсыныстарын қарау туралы уағдаласты.