Коронавирус • 15 Мамыр, 2020

Алматыда зазалсыздандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүріп жатыр

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше 2020 жылдың 14 мамырына жоспарланған кіреберістер мен аулаларды, яғни 7922 подъезд (2837 үйде) бен 1311 аула аумағы 100%-ға өңделді. Дезинфекциялау ісіне құрамында 460 адамы бар 64 бригада қатысты. 73650 литр дайын ерітінді қолданылды.

Алматыда зазалсыздандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүріп жатыр

Жоспар бойынша 8264 подъезді (2984 үйде) дезинфекциялау және 1426 аула аумағын өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмысқа құрамында 465 адамы бар 65 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялауға 14 мамырда 4 763 мың м2 көше және 436 мың м2 тротуар, 170 контейнер алаңы және 834 контейнер өңделіп, жұмысқа 85 дезинфектор жұмылдырылды, сондай-ақ медициналық мекемелердің 318 мың м2 аумағы залалсыздандырылды.

Көшелер мен тротуарларды, қоқыс жәшіктерін, орындықтарды, аялдамаларды, жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін жуу және дезинфекциялау үшін 163 бірлік арнайы техника (оның ішінде 81 бірлік дезинфекция үшін), 1064 жол жұмысшысы (оның ішінде 27 дезинфектор), 540 мың литр ерітінді (жұмыс басталғаннан бері барлығы 17 014 мың литр) жұмсалды.

Сондай-ақ барлық 1454 контейнерлік алаңдарды дератизациялау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бір тәулік ішінде көлемі 1200 тоннаны құрайтын қоқыс шығарылды.

Қазіргі уақытта ауа-райына байланысты (жауын-шашын) жолдарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын және жалпы пайдалану орындарын дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай тұр.

Санитарлық тазалау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі, оған 163 бірлік арнайы техника және 1136 жол жұмысшылары қатысады. 2 540 данадан астам құм салынған қаптар дайындалды

 

АЛМАТЫ