Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Атыраудағы жергілікті гарнизоннан 200 әскери тартылды. Мәселен, №41430 әскери бөлімінің аға офицері, майор Ақылбек Әлжановтың айтуынша, әскери қызметшілер блок-бекеттерде екі ауысыммен жұмыс істепті.
– Біз блок-бекеттердегі, қаланың белгіленген жерлеріндегі қызметімізді абыроймен атқардық. Әр ауысымда 28 адам кезекшілікке шықты. Міндетіміз – төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз ету. Әскерилердің көмегімен 20-ға жуық тәртіп бұзушылық анықталды. Біз үшін еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығы қымбат. Сондықтан, біз елді қорғауға әзірміз, - дейді аға офицер Ақылбек Әлжанов.
Әскерилер Атырау қаласындағы №3 емханада қауіпті індет инфекциясына ПТР тест-сынамасын тапсырды. Аталған емхананың эпидемиологы Абзал Дүйсеновтің пікірінше, 204 әскери қызметкерден мұрын жұғындысы алыныпты. Анализ қорытындысы бір тәулікте дайын болады.