Індет белгілері Атырау облысының Теңіз вахталық кентінде жұмыс істейтін 1954 жылы туған Тараз қаласының тұрғынынан табылған. Ол ағымдағы жылғы 13 мамыр күні температурасының жоғарылауына қатысты шағымданып, провизорлық стационарға жатқызылған. Оны коронавирусқа тексеру оң нәтиже берген. Бүгінде науқастың үй ошағын эпидемиологиялық тексеру барысында онымен жақын байланыста болған 5 тұлға анықталып, оларды карантиндік стационарға оқшаулау, зертханалық зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ошақта қорытынды дезинфекция жүргізілген. Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, барлық эпидемияға қарсы шаралар қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес жүргізіледі.
Екінші тіркелген науқас Жуалы ауданының 1981 жылы туған тұрғыны болып шықты. Ол да Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентінде жұмыс істейді. Бұрын індет белгілері анықталған науқастармен жақын байланыста болғаны себепті карантиндік стационарға алынған. Оны да тексеру кезінде коронавирусқа оң нәтиже көрсеткен. Бүгінде екі науқас та инфекциялық стационарға жеткізілген.
Жамбыл облысы