Фото: Астана қаласы әкімдігі
Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше, бұл – Varkey Foundation бекіткен жаһандық мұғалімдер сыйлығы халықаралық байқауы шеңберінде «Қазақстан мұғалімі-2024» ұлттық сыйлығының иегері ретінде 10 үздік ұстаз анықталды. Байқаудың мақсаты – ұстаздық мамандықтың маңыздылығын көрсету ғана емес, сонымен қатар үздік мұғалімдердің еңбегін халықаралық деңгейде көрсету.
Биыл байқау рекордтық көрсеткішті көрсетіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен 2200-ден астам педагог қатысқан. Олардың арасынан 10 үздік ұстаз іріктеліп алынды. Олардың қатарында елордалық 2 ұстаз бар. Олар Астана қаласындағы №71 мектеп-лицейінің математика пәні ұстазы Жунис Октябрина және Экономикалық лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәні ұстазы Нұржан Байсаков. Үздік 10 ұстаздың қатарына енген елордалық 2 ұстаздың әрқайсысы 1 миллион теңгеден ақшалай сыйлық алды.