15 Мамыр, 2020

Қазақстан: ҮЕҰ пандемия кезінде кімдерге қол ұшын созды?

207 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясы кезінде еліміздегі ҮЕҰ-ның көпшілігі халықаралық және жергілікті донорлық ұйымдардың бағдарламаларына қатысқаны белгілі. Мәселен, Еуразия Орталық Азия Қоры (ЕОАҚ) мен «Шеврон» компаниясының «Qolda» жобасы конкурсқа қатысуға 100-ден астам үкіметтік емес ұйымнан өтініш келіп түскен. Бірақ, небәрі 11 ҮЕҰ Қазақстан халқына еріктілік, гуманитарлық және қайырымдылық көмекті іске асыруға грант алды. Мұндай жобалардың бірі жеке назар аударға лайық.   

Қазақстан: ҮЕҰ пандемия кезінде кімдерге қол ұшын созды?

Ол «Жүрек жомарттығы» деп аталады, бұл жобаны «АЯЛА» қайырымдылық қоры іске асырды. 2007 жылы құрылған қоры 13 жыл бойы медицина мен білім беру саласындағы жобалармен жұмыс жүргізіп келеді.

Әуел бастан аталмыш қор өзін медицина саласында таныта алды. Қор бүкіл ел аумағындағы ауруханаларға орнатқан заманауи реанимация жабдықтары арқылы Қазақстанда он мыңдаған балалардың өмірі құтқарылды. Демеушілік қаражаттар мен қарапайым қазақстандық азаматтардың қайырымдылығынан жиналған 3 миллиард теңгеден асатын сома осы мақсаттарға жұмсалды.

«АЯЛА» қорының білім беру саласындағы жобалары да бар. Олардың ең соңғысы – мектеп-интернаттар мен балалар үйлерінің жасөспірімдері үшін белсенді ұсынылып отырған кәсіби бейімдеу курстары. Оларды қаржыландыру жалпы қаржы есептілігінде ашып көрсетіледі. Ұйым құрылған кезден бергі барлық қаржылық әрекеттер толықтай ашық және www.ayala.kz сайтында мемлекеттік білім беру және медицина мекемелеріне көмек көрсету «АЯЛА» қайырымдылық қоры үшін басым бағыт екені туралы ақпарат бар. Алайда мамыр айында қор өзінің басым бағытын сәл өзгертіп, Нұр-Сұлтан қаласындағы күнкөрісі төмен 100 отбасына азық-түлік қоржынымен көмек көрсету үшін «Qolda»  жобасының шеңберінде қаржы алды.

«Қазір коронавирус пандемиясының салдарынан талай адам қиындық көріп жатыр, сондықтан біз көмектесе алатын жерде жәрдем беруіміз маңызды және керек деп шештік»,- дейді «АЯЛА» қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Бүгінгі күні «АЯЛА» қоры елорда әкімдігінен алған тізім бойынша барлық 100 азық-түлік қоржынының сәтті жеткізілгенін хабарлайды. Жоба үйлестірушісі әрбір мекенжайды егжей-тегжейлі тексерді. Ол жұмыссыз және тіршілікке қаражатсыз қалған аналармен телефонмен сағаттап сөйлесті. Тізімге кірген бірнеше отбасы көмектен өздері бас тартты. Ол осы қиын уақытта сүт, кілегей, айран, сарымай, шұжық, ірімшік, жеміс-жидек пен көкөніске, сондай-ақ шай, кофе, жұмыртқа, балық және ет консервілеріне, жармалар, қант, жуу заттары мен гигиена заттарына шынымен мұқтаж болып отырған адамдарға жіберілді.

Сондай-ақ, Еуразия Орталық Азия Қорының «Qolda» шұғыл көмек жобасы «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып, карантиннің елге кері ықпалын азайту үшін, қоғамдық және еріктілер ұйымдарына қолдау көрсетті. Бұл туралы халықтың БАҚ арқылы хабардарлығын арттыру жағы да қарастырылды.

«Біздің конкурсқа ҮЕҰ-дан берілген өтінімдердің сапасы өте жоғары болды. Грант комитеті 11 жоба үшін 24 млн теңге бөлді. Олар медицина жұмыскерлеріне қолдау көрсету бастамаларына, халықтың осал топтары мен мигранттарға гуманитарлық көмек көрсетуге, азаматтық қоғамды пандемия салдарларымен күреске қауіпсіз тартуға, жұмыс орындарын құруға бағытталды. «Жүрек жомарттығы» жобасын іске асыру кезіндегі «АЯЛА» қорының кәсіби деңгейін атап өткіміз келеді. Бұл қордың қызметкерлерінің жауаптылығының және айрықша ынтасының арқасында шынайы мұқтаж адамдарға көмектің жеткеніне қуаныштымыз»,- деді Қазақстандағы ЕОАҚ атқарушы директоры Ринад Темирбеков.  

 

 

АЛМАТЫ