«Экология мəселесі қашанда өзекті жəне қазіргі жағдай режімінде де өзектілігін жоғалтпайды. Бизнес-қауымдастықтардың бірқатары жаңа кодекстің мерзімін алдағы коронавирустан кейінгі ықтимал салдарларға орай ауыстыру туралы мəселе көтеруде», - деді А. Пірімқұлов жұмадағы брифингте.
Ол өнеркəсіп кəсіпорындарындағы көптеген апаттар мен экологиялық заңбұзушылықтар туралы еске түсіруге шақырды.
«Жағдайдың аса ушығып тұрғанын Назарбаев Университет сарапшыларының есебінен білуге болады. Ол бойынша, жылына он мыңдап шығарылатын улы қалдықтан ауаның ластануынан мезгілсіз өлім-жітімнің өсуі байқалады. Бұл ретте ғалымдардың бағалауы бойынша, осыған байланысты денсаулық сақтауға кететін шығындарды жəне еңбекке қабілетті тұрғындарды есептегенде, мұндай ахуал біздің экономикамызға 2.4 млрд доллардан аса қаражатты талап етеді. Осының барлығы біздің еліміздің орнықты даму мақсаттарына сай келмейді», - деп атап көрсетті вице-министр.
Қазіргі жағдай уақытша құбылыс екенін еске салды. Өнеркəсіп орындары үшін ол «соншалықты қажет болып отырған жаңғырту мен озық қолжетімді технологияға (ОҚТ) көшуді тағы да кері ысыруға қолайлы сылтау» болып отыр.
Сонымен қатар, вице-министр Кодекс жобасында «ОҚТ енгізудің орынды мерзімі» көрсетілгенін атап көрсетті.
«Бұл жерде ремарка жасау қажет. ОҚТ бірінші кезеңі тек шығарынды көлемі еліміздегі жалпы көлемнің 70%-ін құрайтын 50 кəсіпорынға ғана қатысты. Сондықтан қандай да бір тəуекелдер туралы айту əлі ерте. Экологиялық кодекс шеңберінде ОҚТ енгізбеген кəсіпорынды жабу туралы норма жоқ. Тек мөлшерлемені кезең-кезеңмен арттыру туралы айтылған. Жаңа кəсіпорындар үшін ОҚТ-ға көшу міндетті талап, яғни біз қатаң экологиялық талаптарсыз құрылыс салуға, жаңа нəрселерді құруға рұқсат бермеуіміз керек», - деді А. Пірімқұлов.