«Еліміздің оңтүстігінде жұмыс сапарымен жүрмін. Қызылорда облысының əкімі Г. Əбдіхалықовамен бірге Кіші Аралға бардым. Солтүстік Аралдағы жағдайдың жақсаруына Көкарал дамбасының салынуы үлкен əсер еткен. Бүгінде ондағы су көлемі 27 км3-ке жетті. Өңірдегі экология жақсарып, балық шаруашылығы дамуда. Балықтың 20-дан астам түрі бар», - деп жазды министр.
Ол дамба стратегиялық мəнге ие болғандықтан оның жағдайын ұдайы бақылауда ұстау қажет екенін айтады.
«Бұл мақсатта оны күшейту жұмыстары жоспарлануда. Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатыр. Жақын келешекте жоба іске асырылып, оны салу кезінде жұмыс орындарын құруға мүмкіндік туады», - деп атап өтті ол.