Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Алматыда Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

599 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен Алматы қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бейне-конференция режиміндегі отырысы өтті.

Алматыда Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

Отырысқа Алматы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Н. Тоғызбаева, қалалық кәсіподақтар одағы төрағасының орынбасары К. Летникова, "Атамекен" ҰКП Іскер әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары А. Эралиева және т. б. қатысты.

Отырыста осы жылдың 5 айында атқарылған комиссия жұмысы талқыланып,  отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру бойынша екінші жартыжылдыққа арналған жоспарлар қарастырылды.

Жұмыстың басым бағыттары арасында - Жұмыспен қамту, әйелдерді қоғамдық және кәсіпкерлік қызметке барынша тарту, отбасылық құндылықтарды нығайту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бар.

Әсіресе әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шараларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ әйелдерді үйдегі зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі  мәселелері кеңінен талқыланды.

Шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров азаматтық қоғамның халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңыздылығын атап өтіп, әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобаларды іске асыруға белсене қатысуға шақырды.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров комиссия мүшелерін халықаралық отбасы күнімен құттықтады.