«Бүгін Түркістан облысындағы су нысандарының ахуалымен, арналарды тазалау жұмыстарымен таныстым. Суармалы жерлерді үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін өңірде ұзақтығы 108 шақырым арнаны механикалық тазалау жүргізіледі. Тазалау жұмыстары 74%-ке орындалды», - деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Министрдің айтуынша, өңірдегі су басудың салдарынан арналарды тазалау кейінге қалдырылды. Барлық бұрын жұмылдырылған техника төтенше жағдай салдарын жоюға жіберілді. «Осыған қарамастан белгіленген жұмыстарды мерзімінде аяқтауға тырысамыз», - деді ведомство басшысы.
Министр сондай-ақ қазіргі уақытта плотинаны жөндеу жəне жер сілкінісіне төзімділігін арттыру үшін құрылыс-монтаж жұмысы жүргізіліп жатқан Шардара су қоймасына барды. М.Мырзағалиевтің айтуынша, жобада 125 адам жұмыс істеуде. Оны келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.