Дзодо. Қазақстан дзюдодан ересектер арасындағы 2015 жылғы әлем чемпионатын қабылдайды. Халықаралық дзюдо федерациясының 25 қыркүйектегі штаб мәжілісі турнирді Астанада өткізуге шешім шығарды.
Дзодо. Қазақстан дзюдодан ересектер арасындағы 2015 жылғы әлем чемпионатын қабылдайды. Халықаралық дзюдо федерациясының 25 қыркүйектегі штаб мәжілісі турнирді Астанада өткізуге шешім шығарды.
Шахмат. Қазақстандық 13 жасар шахматшы Жансая Әбдімәлік (суретте) Түркияда 20-ға дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында күміс медальді жеңіп алды. Түріктің Ходжаели қаласында мәреге жеткен жаһан жастарының жарысының қорытындысында ол ресейлік Александра Горячкинадан бір ұпай ғана қалып қойды. Ал үшінші орынға таласқан Динара Сәдуақасова соңғы кездесудің нәтижесінде бұл мақсатына жете алмады.
Хоккей. ВХЛ чемпионатына қатысып жатқан Өскеменнің «Казцинк-Торпедо» командасы кеше Ангарск қаласында жергілікті «Ермак» клубын 4:3 есебімен ұтты. Өскемендіктерден Александр Шин (2), Антон Казанцев және Семен Кошелев мергендіктерімен көзге түсті. Осы ойыннан кейін 20 ұпай жинаған Шығыс хоккейшілері топ басындағы қалпын нығайта түсті.
«Егемен-ақпарат».