Аймақтар • 16 Мамыр, 2020

Атырау: Елде болу мерзімі өткен шетелдіктер анықталды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімінің өз тәртібі бар. Алайда, кейбір шетелдіктер мұны ескеріп жүр ме?  

Атырау: Елде болу мерзімі өткен шетелдіктер анықталды

Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 12 мамырдан бері  «Қауіпсіз қала» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. Іс-шараның мақсаты –қоғамдық орындардағы, көшелердегі қылмыстар мен құқықбұзушыларды, заңсыз келушілерді анықтау.

–Полиция қызметкерлері алғашқы күні  Балықшы шағынауданында,  Дамбы ауылы мен Көкарна саяжайы маңында  тексерулер жүргізіп,  60-тан астам шетелдікті анықтады. Таяу шетелдерден келгендердің  Қазақстанда  болу мерзімі өтіп кеткен. Алайда, елімізде 16 наурызда Төтенше жағдай енгізілгендіктен, олар жауапкершіліктен босатылады. Полиция қызметкерлері шетелдіктерге түсіндіру жұмысын жүргізді. Енді шетелдіктер 18 мамырдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, елімізде болу мерзімін ұзарта алады, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Іс-шара кезінде  өзбекстандық 2 азаматта жеке басын куәландыратын төлқұжаты болмағаны анықталды. Енді олар жеке басы анықталғанша,  Атырау қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына орналастырылды.  

«Қауіпсіз қала» іс-шарасы  21 мамырға дейін жалғасады.