Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауына қарағанда, бүгін қауіпті індеттің шырмауынан шыққан 16 адам – Теңіз кенішінде жұмыс істеген жұмысшылар.
Сондай-ақ Атырау қаласындағы №4 емхананың 57 жастағы медбикесі де коронавирустан жазылды.
«Емделушілерден коронавирус инфекциясына алынған бақылау тестінің қорытындысы теріс нәтижені көрсетті. Бүгін бұл пациенттер инфекциялық стационардан шығарылды» - деп хабарлады өңірлік жедел штаб.