Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті барынша нығайту жөніндегі тапсырмасының аясында Медеу ауданында аумақтарды көріктендіріп, абаттандыру бойынша жұмыстар белсенді әрі дәйекті түрде жүргізілуде.

Осыған орай Медеу ауданы әкімінің аппараты «БТА сақтандыру» акционерлік қоғамымен және «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясымен бірлесіп аулалар мен балалар алаңшаларын жақсартып жасандыру үшін кезекті әлеуметтік жобаны іске асырды. Соның жарқын көрінісіндей, жақында бірқатар тұрғын үйлердің аулалары ажарлана түсті. Балалар асыр салып ойнайтын алаңшалар көз қуантады.
Балаларға қуаныш сыйлаған бұл шараға Медеу ауданы әкімінің орынбасары Т.Әбдіқалықов, «БТА сақтандыру» АҚ төрағасы Г.Амерходжаев, «Лондон-Алматы» СК төрағасы Е.Бегімбетов қатысты. Аудан тұрғындары мұндай игі істің алдағы кезде де жалғасуына тілек айтып, ризашылықтарын білдірді. Ең бастысы – балақайлар мәз-мәйрам болып қуанып қалды.
«Егемен-ақпарат».