Абай • 16 Мамыр, 2020

Алда Абай оқулары

1077 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жыл сайынғы «Абай оқулары» әдеби эстафетасын бастады.

Алда Абай оқулары

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, «Абай оқулары» мақсаты:

– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы бастамасына ақпараттық-имидждік қолдау көрсету;

– Абайдың әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, қазақстандық жастар арасында оқу мәдениетін және әдеби талғамды жасақтау.

Әдеби эстафетаның шарттарын келер болсақ, біріншіден – Абайдың шығармаларын мәнерлеп оқып, бейнематериалға түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде) және эстафетаны одан әрі жалғастыратын адамды белгілеу; екіншіден –  бейнематериалды Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің біріне #ЕлбасыКітапханасыАбай, #АбайдыОқимыз175 немесе #БиблиотекаЕлбасыАбай, #читаемАбая175 хэштегтерімен жүктеу болса, оқу эстафетасын өткізу мерзімі – 14-20 мамыр аралығына жоспарланыпты. Шараның қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан озық шыққан қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.