Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, бүгін Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққан 35 жұмысшының арасында Филиппиннің бір, Үндістанның үш азаматы бар.
–Тұрғылықты мекенжайына шығар алдында өткізілген скрининг барысында 34 ер адам мен 1 әйелден індет белгісі табылды. Барлығы да инфекциялық стационарға жатқызылды. Хаттамаға сәйкес ем қабылдауда. Науқастармен байланыста болғандар дəрігерлер бақылауына алынды. Инфекция ошақтарына дезинфекция жүргізіліп жатыр, деп хабарлады өңірлік жедел штаб.
Бүгін, 17 мамырда Атырау облысында коронавирус инфекциясымен 541 адам тіркеліп отыр. Ал, індеттен 160 адам жазылып шықты.