Спорт • 17 Мамыр, 2020

FIG гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын ауыстырды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) спорттық және көркем гимнастикадан 2021 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының өтпейтінін хабарлады. Бұл туралы Olimpic.kz хабарлады.

FIG гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын ауыстырды

Мұндай шешімді қабылдауға 2020 жылғы Токио Олимпиадасының 2021 жылға ауыстырылуы себеп болып отыр. 

Кейінге шегерілген әлем біріншіліктері 2023 жылы ұйымдастырылады. 

Айта кетейік, биыл өтпей қалған турнирлер қатарында үш әлем кубогі кезеңі бар. Ал жекелеген снарядтардағы әлем кубогі белгісіз мерзімге ұзартылды.