27 Қыркүйек, 2013

«Алтайдың кербұғысы»

704 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кинорежиссер Анатолий Лаптевтің «Алтайдың Кербұғысы» атты деректі бейнеэссесінің тұсаукесер рәсімі өтті. Онда өр Алтайдың ақиық жазушысы, қайталанбас талант иесі Оралхан Бөкейдің өмірбаяны, кинорежиссердің өзі куә болып, кіндік қаны тамған Шыңғыстайында болған сәттері әсерлі суреттелген.

А.Лаптев осыдан ширек ғасыр бұрын Оралханның Катонқарағайда болған кездегі тарихи бейнесін таспаға түсіріп алыпты. Жазушының ата-анасы, жерлестері жайлы да фильмде кеңінен баяндалады. Фильмде Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Бексұлтан Нұржеке сияқты белгілі тұлғалар да жазушы туралы өз ойларын ортаға салады. Жарты сағаттық фильмге қаржылай демеушілік жасаған облыстық ішкі саясат департамені.

Тұсаукесер рәсімінде жазушы Әлібек Қаңтарбаев, Оралханның жерлесі, замандасы Амантай Бакин, тағы басқалар фильм-эссенің тартымды, көрермендерін баурап алатыны жайлы жылы пікір білдірді. Айта кету керек, үстіміздегі жылдың 28 қыркүйегінде кешкі сағат 19.30-да республикалық «Мәдениет» арнасы «Алтайдың Кербұғысы» («Человек – олень»), фильмін көгілдір экраннан көрсетеді.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28