27 Қыркүйек, 2013

Ел журналистикасының ертеңі туралы келелі әңгіме қозғалды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясының ғимаратында «Қазақстан журналистикасының көкейкесті мәселелері» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті.

 

Алматы қаласындағы «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясының ғимаратында «Қазақстан журналистикасының көкейкесті мәселелері» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті.

Қазақстанның әр аймағынан келген түрлі БАҚ өкілдері мен Алматы қаласында орналасқан телеарналар мен басылымдардың басшылығы қатысқан семинарды «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Кенжеболат Жолдыбай жүргізіп отырды.

Семинарда бүгінгі таңдағы отандық журналистиканың жай-күйі мен көкейкесті мәселелері, БАҚ пен биліктің өзара қатынасы мен журналистердің қоғамдағы рөлі сөз болды.

Шара барысында республикалық «Литер» газетінің бас редакторы және «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Қайсар Жанаханов «Қазақстан журналис­тер этикасы кодексінің тәжірибелік қолданысы» деген тақырыпта мазмұнды баяндама жасады.

Семинар соңында елімізге танымал бірқатар журналистер, атап айтқанда, кейінгі жылдар көлемінде Қазақстанның ішкі-сыртқы саяси қатынастары мен экономикалық жетістіктері туралы сараптамалық тұщымды дүниелерімен көрініп жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды және аталмыш клуб атынан әрекет ету құқығына ие арнайы құжаттар тапсырылды.

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15