Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: 18 мамырда 18 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 18 оқиғасы тіркелді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы: 18 мамырда 18 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Ауырғандар арасында алты адамнан тұратын отбасы бар. Бұлар Ақтас кентінің 1980, 1983, 2006, 2012, 2016, 2019 жылдары туған тұрғындары. Қарағанды қаласында тұратын 1965, 1995 жылдары туған ер адамдар мен 1988 жылғы  әйел де сырқаттанғандар тізімінде бар. Сондай-ақ, ПТР-талдау 1974, 1976, 1980, 1994 жылдары туған төрт ер адамда, 1998 жылғы жас жігітте, тоғыз және бес жастағы екі балада және 1971, 1976 жылдары дүниеге келген екі әйелде COVID-19 белгілерінің бар екенін анықтады.

Пациенттермен байланыста болған адамдар анықталып, олар түгелдей медициналық бақылауға алынды. Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.

Бүгінге дейін түскен мәліметке сүйенсек, Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 250 оқиғасы ресми түрде тіркелген. Оның ішінде үш науқас көз жұмып, 146 адам «жаман тұмауды» жеңіп шықты. 

 

 

 

Қарағанды облысы