Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
Аталған оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады. Анықталғандай, 11 шағын аудандағы көпірде жүрген балаларға бейтаныс адам кішірек құтыдағы газ баллонын қолданған. Сол кезде балалар айқайлап, біреуі қаша жөнелген. Содан соң күдіктіні іздеу жұмысы жүргізілді.
Облыстық ПД баспасөз қызметі: «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері шекарадан өтпек болған кәмелетке толмаған күдіктіні ұстады. Ол бұзақылық ісі бойынша іздеуде болды. Балаларға қарсы газ құтысын қолданған», деп хабарлады.