2019 жылы әуежайда 462,7 мың жолаушыға қызмет көрсетілді. Әуежай коммуналдық меншікте. Қызметкерлерінің саны - 468 адам.
Әуежай ел ішінде, сондай-ақ таяу және алыс шетелдерді байланыстыратын рейстерді орындайтын әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдап, оларға қызмет көрсетеді.
Төтенше жағдай енгізілгенге дейін Ақтөбе қаласы әуежайынан 4 ішкі бағыт бойынша және 1 халықаралық бағыт бойынша аптасына 50 тұрақты рейс орындалды.