Қазіргі кезде еліміздің шалғай аудандары мен ірі елді-мекендерінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өрелі өзгерістер болып жатқанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Әйтсе де «Көрмес түйені де көрмес» дегендей, мұндай өміршең жобалар мен ауқымды істерді көргісі, елегісі келмейтін адамдар да жоқ емес. Керісінше ел ішіндегі жақсылықтар мен жаңалықтарды жаны сүйетін, оны мақтан тұта алатын ой-өрісі жоғары, парасат-пайымы биік азаматтар да жетерлік. «Егеменнің» Ақтөбе қаласындағы тілші қосынына шалғайдағы Темір ауданынан арнайы келген ақсақал, қаржы саласының ардагері Мұхит Қабылұлын дәл осы қатарға қоюға әбден болады ау деген ойға келдік. Өйткені ол «Егеменге» жеке бастың қамымен емес, ел ішінде атқарылып жатқан сан-алуан істер мен тыңдырымды жұмыстар жөнінде айтуды қажет деп тауыпты.

– Бәсекеге қабылетті ел болу үшін біз ең алдымен ежелгі төл мәдениетіміз бе салт-дәстүрімізді және ұлттық кодымыз бен отаншылдық сезімді сақтай білуіміз керек. Мұның бәрі туған жерге деген сүйіспеншілікпен бастау алады деп білемін. Ауылдастарымның бойында осындай қасиеттердің тоғысуы мені әр кез осындай ризашылық сезімге бөлейді. Ауыл – ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі, ұлттың ұйтқысы емес пе?! Өркениетті елдер көшінің қатарында болуымыз жолында ауылдың арқалайтын орны мен жүгі қашан да ерекше,- деп бастады ол өз әңгімесін.
Келесі кезекте Мұхит аға бұдан екі жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша қабылданған «Ауыл – ел бесігі» жобасы барлық жердегідей Темір ауданында қызу қолдау тапқанын, әрі аталған жоба аясында әжептәуір істер қолға алынғанын айтып берді. Оның айтуынша, мұнда қордаланып қалған басты проблеманың бірі – жол қатынасы болса, өткен жыл тоқсан миллион теңгеге жуық қаражатқа аудан орталығы Шұбарқұдықтағы көшелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Ұзындығы үш километрге жуық автомобиль жолы салынып, ел игілігіне пайдалануға беріліпті.
Сондай-ақ елдің қадырменді ақсақалы аудан орталығында бұған дейін арнайы тұрғызылған орын болмағандықтан күреспен шұғылдануға бекем бел буған жастар жаттығулардың мәдениет үйімен жатсарлас орналасқан бөлмеде жасап келгеніне тоқталды. Ал екінші бір күрес залының бірін халыққа қызмет көрсету орталығындағы кабинеттерінің бірі атқарған.
Жергілікті атқарушы орган жетекшілері мен ел тұрғындарының өзара ауызбіршілігі мен іс-қимылдары нәтижесінде бұл мәселе де «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде шешімін таба бастапты. Сөйтіп «Қызылжар» деп аталатын шағын ауданда денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары басталыпты. Биылғы 2020 жылдың басында оған республикалық және облыстық бюджеттерден тағы да қосымша 130 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген екен.
Саламатты өмір салтын қалыптастыру мен бұқаралық спортты дамыту ісіне үлкен септігін тигізе алатын келісті кешеннің жалпы құны 580 миллион теңгені құрайды. Оны пайдалануға беру биылғы жылдың күз айларына белгіленген, - деді «Егеменге» елден келген ақсақал Мұхит Қабылұлы. Сөз арасында ол саналы ғұмырын қаржы саласына арнағандықтан да осындай нақты деректерді алға тарта сөйлегенді жаны қалап тұратынын жеткізді.
Әңгімесінің аяғында ол Темір ауданында бұдан өзге де атқарылып жүрген іс-шаралар мен жобалар баршылық екенін, сондықтан да бұл бағыттағы бастамалар бас басылым бетінде жарық көруін аманат ете келгенін айтты. Әлбетте, аманатқа қиянат жасауға болмайды. Оны орындамау күнәлі істің қатарына кіреді. Сол себептен де алыстағы ауданнан арнайы келген ақсақалдың аманатын орындау үшін осы жолдарды жазып редакцияға жолдағанды жөн көрдік.
Ақтөбе облысы
Темір Ауданы
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Бүгін, 16:56
Елбасы кітапханасында «Мың алғыс саған, Ұлы далам!» халықаралық дөңгелек үстелі өтті
Қазақстан • Бүгін, 16:45
Елордада әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
Алматы: Коронавирустың алдын алуға барлық эпидемиологтар қатысады
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Мемлекеттік хатшы: Тоталитаризмнен зардап шеккен көп халыққа қазақ жері пана болды
Үкімет • Бүгін, 16:26
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Бүгін, 16:15
Атыраудың дәрігерлері «Туған елге мың алғыс!» челленджін ұйымдастырды
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Елордадағы табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары берілді
Қоғам • Бүгін, 15:59
Шымкенттік спортшылар стенд атудан әлем кубогінде қола медальге ие болды
Спорт • Бүгін, 15:51
Шымкентте азаматтар 30 мамандық бойынша тегін қысқа мерзімді кәсіптік білім ала алады
Аймақтар • Бүгін, 15:49
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 15:38
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 15:21
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:20
Үкімет • Бүгін, 15:17
Наурыз айында ел аумағында ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар кестесі жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 15:01
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Қызылорда облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:30
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Елордада табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табысталды
Елорда • Бүгін, 13:50
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Сенаторлар адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша заң жобасын қарайды
Парламент • Бүгін, 13:22
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Бүгін, 13:15
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:11
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Бүгін, 13:00
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Бүгін, 12:53
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 12:48
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:24
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Бүгін, 12:18
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған кездесу өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:13
ГМ-172/10 мекемесінде Ж.Жабаевтың 175 жыл толуына орай мерекелік іс-шара аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Ерлан Тұрғымбаев: Учаскелік пункттер желісін кеңейту керек
Қоғам • Бүгін, 12:07
БЖЗҚ салымшылары жинақтарын интернет арқылы бақылай алады
Экономика • Бүгін, 12:04
Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Нұрлан Нығматулин: Алғыс айту күні - жас ұрпақты мейірімділікке тәрбиелейтін ерекше мереке
Парламент • Бүгін, 11:30
Созақтық полицейлер боранда жолда қалғандарды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 11:15
40-қа жуық адамды ажалдан арашалаған шымкенттік дәрігер туралы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Алтай Көлгінов бүгінгінің батырларына алғыс айтты
Қоғам • Бүгін, 11:09
Әлем халықтарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар?
Әлем • Бүгін, 10:45
Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» қайта енді
Коронавирус • Бүгін, 10:41
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Қоғам • Бүгін, 10:36
Жандарбек Бекшин дәрігерлерге алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Қазақстанда «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді - А.Цой
Медицина • Бүгін, 10:32
Қазақстанда ломбардтар жабылады
Экономика • Бүгін, 10:30
Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық вирусқа қарсы вакцина қабылдайды
Медицина • Бүгін, 10:27
Алматыда Алғыс айту күніне орай этномәдени бірлестіктердің басшылары ҚХА аллеясын отырғызды
Руханият • Бүгін, 10:26
Келер жылы дәрігерлердің жалақысы қанша болатыны айтылды
Медицина • Бүгін, 10:21
«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Ержан Біржанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:15
Отандасымыз мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy додасында қола жүлдеге ие болды
Спорт • Бүгін, 10:13
Мәулен Әшімбаев: Қоғамда Алғыс айту күні бұқаралық сипатқа ие болып келеді
Парламент • Бүгін, 10:08
Б.Сағынтаев алматылықтарға ынтымақтастық пен өзара көмектері үшін алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Шымкентте отбасылық бизнес дамып келеді
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды
Медицина • Бүгін, 09:50
Асқар Мамин: Береке-бірліктің арқасында алға қойған мақсаттарымызға жеттік
Үкімет • Бүгін, 09:38
Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады
Елбасы • Бүгін, 09:28
Мемлекет басшысы қазақтандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:23
Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні
Руханият • Бүгін, 09:13
Өткен тәулікте 547 науқас қауіпті індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Елімізде бір күнде 622 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 06:59
Өнер • Бүгін, 06:57
Ұқсас жаңалықтар