Кеше, жексенбі күні 46 жағдай анықталды. Бүгінгі күні қаланың жұқпалы аурулар стационарларында 929 пациент ем алуда, оның ішінде 40 бала.
Бүгінгі күні вирус жұқтырған 2 пациенттің жағдайы өте нашар, 22 науқастың қалі – ауыр, 296 адамда – орташа ауыр және қалғандарында – қанағаттанарлық.
Мегаполисте сауығып емделгендер саны 910 адамды құрайды, бүгін тағы 50 пациент емделіп шықты.
Провизорлық госпитальдарда 251 адам емделіп жатыр, оның ішінде 6-уы бала, карантиндік оқшаулауда 260 адам және үй карантинінде 13 087 азамат бар.