Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Атырау: Қауіпті індетке шалдыққандар саны 2000-нан аса ма?

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штаб таратқан мәліметке қарағанда, өңірдің эпидемиолоигялық ахуалына осындай пессимистік болжам жасалып отыр.  Оның себебі неде?

Атырау: Қауіпті індетке шалдыққандар саны 2000-нан аса ма?

Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің айтуынша,  облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың өрбуіне қатысты бірнеше нұсқа дайындапты. Егер тұрғындар оқшауланып, санитарлық талаптар мен шектеулерді сақтайтын болса, мамырдың аяғына дейін қауіпті індетті жұқтырушылардың шекті саны 800-ден аспайды.

–Карантин талабы бұзылатын болса, індетті жұқтырушылар саны жедел өсіп, 31 мамырда 2000-нан асуы мүмкін. Сол себептен, шектеу шараларын біртіндеп алуға мәжбүрміз, дейді Темірбек Мұсағалиев.