Мұқан Төлебаев сынды тұлға жайында әңгімелеу әрі оңай, әрі қиын. Оңай болатыны, менің жүрегімде оның музыкасы осы уақытқа дейін өмір сүріп, сол музыканың сиқырлы алауы сөнген емес. Сондай-ақ, тау тұлғаның жан жылуы да жүрегімде сақталыпты. Ал, бүгінгі күні өткен ғасырдың 50-80-ші жылдары аралығында қазақстандықтардың үш-төрт буыны шөл қандырған, солардың бойына сіңген, жарқылдаған, лирикалық көтеріңкі, ерлік пен патриоттыққа толы әуендерді ести алмайсың. Төлебаевтай тұлға жайында әңгімелеудің қиындығы сонда. Заманауи жастар мен жасөспірімдерді, тіпті, үлкен буынды интернет кеңістігін, радиоэфирлер мен телеэкрандарды жаулап алған құрғақ әрі өлі поп-музыкаға бір қара күш шегелеп тастаған сияқты. Әсіресе, жастардың құлағынан түспейтін құлаққаптарды көрген кезде еріксіз осындай ойға берілесің.

Иә, жаңа заман жаңа музыканы, ырғақты, өлеңдер мен картиналарды, жаңа мүсін өнерін тудырды. Бұл өмірдің заңдылығы. Бірақ, осы бәрімізге де «қолжетімді» музыкада бізді табындырған, Мұқан Төлебаев сияқты алыптардың шығармашылығына іңкәр еткен жоғары рухани күш пен сезімнің сұлулығы, адал да аңғал ізгі ниет пен жігерлендіретін идеялар бар ма? Бұл енді риторикалық сауал... Мен музыканттың, зерттеушінің және жәй ғана ықыласты тыңдаушының көзқарасымен Қазақстандағы музыка мәдениетінің композиторлық шығармашылық саласында жеткен жетістігін әңгімелегім келеді.
Евгений Брусиловский, Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди сияқты жазбаша дәстүрмен кәсіби музыканың негізін қалаған, оған қоса А.Затаевич, Б.Ерзакович және П.Аравин сынды ғалымдармен бірге сарқылмайтын рухани қазынаны жинақтап, оны қазақ халқының өзіне қайтарған тұлғаларды тарих ұмытпайды. Бұл рухани қазына – эпикалық аңыздар, ән мен күй, жүздеген жылдар бойы қазақ халқының кез келген ауылы мен кез келген шаңырағынан еркін самғаған поэтикалық шығармашылық еді.
Осы бір мезетте өнер аспанында өз үнімен, өзінің аса таланттылығымен Мұқан Төлебаев сияқты жұлдыз пайда болып, оның сәулесі маңайын жарқыратып тұрды. Ол қазақстандық композиторлар мектебін қалыптастырушылар мен халық арасында «Құдіретті тізбек» деген атауға ие болған (ХІХ ғасырда Ресейдегі танымал орыс композиторлар мектебін солай атайтын) немесе Сыдық Мұхамеджанов, Ғазиза Жұбанова, Құддыс Қожамьяров және жуырда ғана дүниеден өткен Еркеғали Рахмадиев секілді композиторлардың «Үлкен төрттігінің» арасын жалғаған көпір сынды болатын.
Ізашарлар «тізбегінің» орталық тұлғасы композитор Мұқан Төлебаевтың айналасында ең есте қалатын, жап-жарық, қазақ музыкасының дамуы мен гүлденуін бейнелейтін шығармалар дүниеге келді. Шығармашылық иелерінің келесі буыны саналы түрде немесе тұқым қуалайтын гендік қасиет арқылы жасы үлкен әріптестерінің рухани жаңалықтарын қағып алып, өз таланттарының күшімен, туған жердің жүрек дүрсілін тыңдай алатын қабілеттерімен әрі қарай жалғап әкетті.
...Ал, бүгін... Композиторлардың жаңа буыны өз ұстаздарының суреткерлік тәжірибесі мен рухани өсиетінен тым алыстап кеткен және ең өкініштісі, тым жедел қол үзген. Мүмкін, жас буын дәл осыны қаламаған да шығар? Композиторға қажетті өмірлік, әлеуметтік, танымдық тәжірибелерден жырақ кететіндіктерін білмей тұрып, авангардқа жақын болу үшін «өз арбаларын» өздері сүйретуді жөн көрді ме, кім білсін? Бірақ, бұл эксперименттерден (аздаған шығармаларды қоспағанда) не шыққаны келесі мақаламыздың тақырыбы болсын...
...Мұқ