Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, жайылымдық, шабындық алқаптарға азиаттық және итальяндық шегірткелер қауіп төндіреді. Шегірткелер жыл сайын Атырау қаласының маңына, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға аудандарының жер алқабына «шабуыл» жасап жүр.
–Былтыр байланысты былтыр шегірткеге қарсы 8 640 гектар алқап өңделген еді. Оның ішінде 3 820 гектар жерде азиаттық шегірткеге қарсы өңдеу жүргізілжі. Ал, итальяндық шегірткеге қарсы өңделген алқап 4 820 гектарды құрады. Енді биыл Құрманғазы, Исатай аудандары мен Атырау қаласының шетінде шегірткенің көбеюі күтіліп отыр. Осыған орай 7 540 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізу жоспарланды. Қазір мемлекеттік сатып алу процедурасы жүріп жатыр, -деді Қайрат Нұрлыбаев.