27 Қыркүйек, 2013

Мәңгілік мұра

541 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

03-Мухан Тулебаев-1Биыл 100 жылдық мерейтойын бүкіл қазақ даласы кеңінен атап өтіп жатқан Мұқан Төлебаев есімі еліміздің музыка өнері тарихында аса көрнекті композитор, қайталанбас ерекше дарын иесі ретінде есте қалғаны мәлім. Оның бойындағы қасиеттің қай-қайсысына да бүгін жеке-жеке тоқталып, рухына иіліп тағзым ету ұстаз алдындағы бәріміздің ортақ парызымыз бен адалдығымыз болып саналады. Менің де қолыма алып, өткен белестердегі ағаға деген сағыныш пен сүйіспеншілікті, жүрекжарды лебізді ақтаруыма бүгінгі ел-жұртының осынау ақ, адал пейілі әсер етіп отыр.

03-Мухан Тулебаев-1Биыл 100 жылдық мерейтойын бүкіл қазақ даласы кеңінен атап өтіп жатқан Мұқан Төлебаев есімі еліміздің музыка өнері тарихында аса көрнекті композитор, қайталанбас ерекше дарын иесі ретінде есте қалғаны мәлім. Оның бойындағы қасиеттің қай-қайсысына да бүгін жеке-жеке тоқталып, рухына иіліп тағзым ету ұстаз алдындағы бәріміздің ортақ парызымыз бен адалдығымыз болып саналады. Менің де қолыма алып, өткен белестердегі ағаға деген сағыныш пен сүйіспеншілікті, жүрекжарды лебізді ақтаруыма бүгінгі ел-жұртының осынау ақ, адал пейілі әсер етіп отыр.

Қазақ кәсіби музыка мәдение­тінің не­гізін қалаған аға буын композитор­лар Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Л.Ха­ми­­дилермен біте қайнасып, рухани жа­ғы­нан бір-бірін байытып, толықтыруы ХХ ғасыр мәдениетіне небір ғажайып, ін­жу-маржан дүниелердің келіп қосы­луына ықпал еткені өз алдына бөлек әң­гіме. Мысалы, қазақ ұлттық музыка мәдениетіндегі классикалық кезең­нің А.Жұбанов пен Л.Хамидидің сол кездегі «Абай» операсынан, болмаса­ Е.Брусиловскийдің «Сарыарқа» сим­фо­ниясындағы «Балбырауын» мен М.Тө­лебаев шығармаларынан бастау алуының өзі не тұрады? Ұлттық классикамызға жататын «Біржан-Сара» операсы, «Ком­мунизм оттары» кантатасы, оркестр мен скрипкаға арнаған поэ­масы, «Қазақстан» симфониялық поэмасы, сонымен қатар басқа да әндері мен романстары музыка мәдениетінің барлық деңгейдегі талаптарына жауап бере алуымен құнды болып есептеледі. Саң­лақ суреткердің жоғары са­­па­­лы көркем шығармалары әр алуан формасымен, стиль ерек­­шелігімен, тереңдігімен, мазмұндылығымен дара тұратыны тағы ақиқат.

Мұқанның өнерге деген­ құш­тарлығын оятып, қалып­тас­тыруға ол өскен ортаның әжеп­тәуір әсер еткенін қолымыздағы барлық дәйек дәл нақтылайды. Өсу-толысуына куә жер жәннаты Жетісудың өзі халықтық музы­каның тұнып тұрған мекені десек, сондай керемет топырақтың қасиетіне қанып өскен өрен жастықтың жайлауына небір жауһар да жасампаз өнерді қондыра білді. Поэзияға, ән мен әуенге құштарлық, суырып-салмалық келешек арнаны айнадай таза етумен бірге, төл айдынға музыкалық дарын мен ақындықты қатар құйды. Ұлт композиторлары арасында алғаш жоғары кәсіби музыкалық білім алған адам ретінде шығармашылықтың алдыңғы легінде тұратын композитор соғысқа дейін Мәскеудегі Қазақ студиясында оқып, мұны аяқтағаннан кейін П.Чайковский атындағы консерваторияның композиторлық бөлімінде Б.Шех­тер, Р.Глиэр мен Н.Мясковский сияқты танымал тұлғалардан тәлім алды. Екінші дүниежүзілік соғыс тұсында «Тос мені, тос», «Кестелі орамал» ән-романстары мен оркестр мен скрипкаға арналған поэ­масы ел арасына кеңінен тараса, мұнан кейін Е.Брусиловскиймен тығыз шығармашылық байланыс­та болуының нәтижесінде тамаша туындылар дүниеге келді. Екеуінің 1945 жылы бірігіп жазған «Амангелді» операсы мен бір жылдан кейінгі өзінің әйгілі «Біржан-Сара» операсы арқылы қазақ ұлттық опера өнерінің шыңына табан тірей алды.

Жоғарыда аталған әндері мен шығармаларынан Мұқанның тамыры үзілмеген халықтық сазды еуропалық классикамен шебер біріктіріп, тонның ішкі бауындай үйлестіре білген биік үнін танимыз. «Біржан-Сара» бүгінде тек қазақ музыка мәдениетіндегі соны құбылыс емес, сонымен қатар әлемдік өркениетке қосылған зор табыс болып табылады. Терең арналы сахналық полотноның ұлттық классикамыздағы бояуы қанық, болмысы анық, бірден-бір төл туындыға айналуы Мұқан үнінің үзілмей, бүгінгі ұрпақ арманымен ұштасып жатқанын аңғартады. Әсіресе, мұнда халықтың тыныс-тіршілігіндегі өзгерістер шынайы бейнелермен, суреттермен тұшымды өріліп, операның либреттосын жазған академик Қажым Жұмалиевтің тілімен айтқанда: «...Мұқан кейінгі ұр­паққа өлместік мұр

Соңғы жаңалықтар