Тоқсаныншы жылдардың басында нарық келіп есік қаққанда бұрын кәсіпке бейімі жоқ деп есептеліп келген қазақ азаматтарының сәл абдырап қалғаны рас. Қазір, иншалла деп айтайық, даламен бірге қалада да өз шаруасын дөңгелетіп әкеткен жігіттеріміз баршылық.
Тоқсаныншы жылдардың басында нарық келіп есік қаққанда бұрын кәсіпке бейімі жоқ деп есептеліп келген қазақ азаматтарының сәл абдырап қалғаны рас. Қазір, иншалла деп айтайық, даламен бірге қалада да өз шаруасын дөңгелетіп әкеткен жігіттеріміз баршылық.
Солардың бірі абайлық азамат Аян Жарылғапов. Ол солайы солай. Бірақ Аян қазір Семейде тұрады. Енді әңгімені басынан бастап айтатын болсақ...
Иә, әңгімені басынан бастап айтатын болсақ, бұл жігіттің ұлылар елінде туып, осында оқып жетілгені бәр-бәрі шындық. Содан ол тоқсаныншы жылдардың бас- ында қалаға аттанып, мамандығы бойынша сондағы №2 автопаркке жүргізуші болып орналасады. Сонсоң «келдім, көрдім, жеңдім» деп атақты қолбасшы Ескендір, Александр Македонский айтпақшы, қалаға келіп көргеннен соң жеңіске жете бастайды.
Бұл енді айтқанға ғана оңай. Болмаса ауылдан келген бозбаланың ақыр соңында сол аталған автобус паркінің иесі атануы оңайға түсті дейсіз бе! Паркті жекешелендіріп жатқанда бұның иелігіне бар болғаны бір «Икарус» автобусы тиген. Іскерлігі мен табандылығының арқасында уақыт өткен сайын оның қатары көбейе түскен. Қазірде бұлардағы автобус саны он алтыға жетіп отыр. Олар облыс ішінде Абай мен Ақсуатқа, ел көлемінде Астана, Қарағанды мен Көкшетауға, оның сыртында халықаралық маршрут бойынша Ресей, Қытай, Қырғызстан мен Моңғолияға жолаушыларды тасымалдауда. Аян енді облыс орталығы Өскемен мен Үржарға автобус шығарамын деп отыр.
Бүгінгі күні мұнда елуге жуық адам жұмыс істесе, олардың орта табысы сексен мың теңге көлемінде. Демек, бұл ерінбей еңбек етіп келе жатқандардың табысы бұдан да жоғары деген сөз. Міне, Аянның қаладағы тірлігі осындай болса, даладағы тірлігі де кісі қызығарлықтай. Ал оған дәлел керек болса, айтайық.
Анада Медеу ауылдық округінде болғанымызда ауыл әкімі Дарын Мұхтарұлы бізді Оразбай сынды кешегі жылқылы байдың атамекені Шұнай тауы жағына бастап алып барған. Бұл өзі ежелден құт қонған өңір. Байлығына мастанып, хакім Абайдың жағасына жармасқан даланың көкжал шонжары әуелі құдайыма, сонсоң Шұнайыма сенемін деген екен. Мұнда бүгінгі заманда да құдайы мен Шұнайына сеніп, жылқы шаруашылығымен айналысып жатқан азаматтар бар болып шықты.
Доғалаң мен Аршалы тауларының ортасындағы Сылдыр тауын жайлаған Аянның даладағы тірлігін көргенде және риза болдық. Таудың ортасындағы қалашық үлгісіндегі мекен көзге оттай басылған. Бірақ ол жолы иесі болмаған соң, тағы бір айналып соғармыз деп аттанып кеткенбіз. Арада бір ай шамасында ұлылар еліне келген белгілі абайтанушы ғалым, академик Ғарифолла Есім мен бізді аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков пен оның орынбасары Ерлан Ілдибаев жақсыны көрмекке дегендей, Аянның ауылына арнайы бастап алып барған.
Қала үлгісімен салынған коттедж, сауна, балаларға арналған алаңқай, үй аралығына егілген екпе шөп, электр стансасының арқасында самаладай жарқыраған электр шамдары, сонша ұқыптылықпен салынған жылқы қоралары көңілге жылылық ұялатады. Бәйге аттарына арналған қора өз алдына. Аянның тіпті көгершін өсірумен айналысатынын көріп және сүйсіндік.
Аянның қаладағы жекеменшік автобус паркі әкесінің атымен «Жарылғап» деп аталса, мұндағы шаруа қожалығы «Кәусар» деп аталатын көрінеді. Ал Кәусар құдай қосқан қосағы Қалимамен екеуінің ұлдары Құрмет пен Медеттен соң он сегіз жылдан кейін көрген кенжелері екен. Үлкен ұлдарының аты әкесі ұзақ жылғы шопандық еңбегінің жемісін көріп, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталғанда соған орай қойылған. Қазірде сол Құрмет те, Медет те өмірден өз орындарын тауып үлгеріпті.
Аян келесі бір сөз арасында өзінің құжат бойынша шын есімі Елжан екендігін айтып қалған. Сөйтсек, оның өзіндік себебі бар екен. Яғни бұл төртінші сыныпқа көшкенге дейін нағашы әжесі Мағрипаның қолында өсіпті. Ал осы кісінің тұңғыш анасы Әсеу болса кешегі жан-жақты талант иесі Жәнібек Кәрменовтің туған апайы болып табылады. Неге екендігі белгісіз, Мағрипа әжесі мұны Аян деп атап кетіпті. Содан беріде мұны абайлық