Елбасы • 18 Мамыр, 2020

Елбасы журналист Бейсен Құранбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

949 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы журналист Бейсен Құранбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

«Ол саналы ғұмырын отандық телевизияның дамуына арнады. Өз ісінің кәсіпқой маманы ретінде ұлттық ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосып, туған еліне адал қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды. Талай тың әлеуметтік бағдарламалардың дүниеге келуіне септігін тигізді.

Оның өнегелі өмірі мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін», - делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар