07 Сәуір, 2010

НАН ӨНІМДЕРІ АРЗАНДАДЫ

760 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Петропавл нан-тоқаш комби­наты бірнеше күннен бері өз өнім­дерін жұртшылыққа қол­жетімді бағаға ұсынып келеді. ЖШС басшылығы 600 грамдық бірінші сұрыпты нанды 5 теңгеге дейін арзандата білді. Өзге нан-тоқаш өнімдерінің бағасы да кеміді. Облыста өндірілетін нан өнімдерінің 80 пайызға жуығы осы комбинаттың үлесінде. Күніне 30 тоннаға жуық нан-тоқаш және 3 тоннадан астам кондитер өнімдері сауда орындарына жөнелтіледі. Облыстан шеткері жерлерден де сұраныс аз емес. “НАН-плюс” арнайы фирмалық дүкендер ашылғалы өнімнің сапасы артып, қызмет көрсету мәдениеті жетіле түсті. Бүгінде серіктестікте 600-дей адам еңбек етеді. Олардың бәрі тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын ұн тартумен де айналысып, табыс табудың барлық мүмкіндіктерін қарастырып отыр. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.