Экономика • 19 Мамыр, 2020

Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды

213 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Қазақстанның 54 қаласының тұрғындары Kaspi.kz ірі электронды коммерция платформасы арқылы 69 миллиард теңгеге 900 мың тапсырыс жасады. Тапсырыс сомасы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 есеге өскен.

Қазақстандықтар Kaspi.kz арқылы рекордтық мөлшерде онлайн зат сатып алды

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бұл туралы пікір білдірді.

«Біз онлайн сатып алу бұдан да тиімді, ыңғайлы болуы үшін Kaspi.kz-тегі магазинді дамытудамыз. Біздің команда тұрақты түрде ассортиментті ұлғайтып, жаңа серіктестер қосып, бүкіл ел аумағына жеткізу ауқымын ұлғайтуда. Жыл басынан бері Қазақстанның 54 қаласының тұрғындары 69 миллиард теңгеге 900 мың тапсырыс жасады. Тапсырыс саны өткен жылмен салыстырғанда 2 еседен жоғары немесе 116% өсті. Сәуірдің екінші жартысында біз тапсырыстарды өз есебімізден тегін жеткіздік, бұл карантин мен төтенше жағдай кезінде аса маңызды болды. Сондай-ақ біз сәуірде онлайн сатып алуды бұдан да тиімді етіп, сүйікті клиенттерімізге Kaspi Gold пен Kaspi Red арқылы сатып алған әрбір зат үшін 10% бонус сыйладық.

3

Пандемия жағдайында және вирустың таралу қаупі жоғ­ары болған кезде жеткізу қызметі­мен онлайн зат сатып алу көпте­ген қазақстандық отбасы үшін қолайлы әрі қажетті болып қана қоймай, біздің серіктестерімізге сатылымдар мен жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектеседі. Біздің командамыз Президент жанын­дағы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комис­сия­ның қолдауымен және әкім­діктердің жедел штабтарымен, серіктестермен және курьерлік қыз­меттермен бірлесіп, жеткізу қыз­метінің жұмысын ұйымдас­тыру жә­не қазақстандықтарға үйден шық­пай-ақ қауіпсіз онлайн зат са­тып алуға мүмкіндік беру үшін бар күш-жігерін салды. Біз­дің ко­ман­дамыздың және сүйік­ті клиент­теріміздің атынан бүкіл еліміз бойынша және әр қала­дағы жеткізу қызметімен онлайн зат сатып алуды ұйымдастыруға көмектескен әр адамға рақмет айтамын», деп атап өтті Михаил Ломтадзе.

Сату

  • Биылғы жылдың алғашқы 4 айында тапсырыс сомасы 103% өсіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 34 миллиард тең­гемен салыстырғанда рекордтық 69 миллиард теңгеге жетті
  • Тапсырыс саны 2 есеге,

417 000-нан 900 000 тапсырыс­қа жетті. Өсім – 116%

  • Барлық тапсырыс арасында Kaspi.kz мобильді қолданбасы арқылы рәсімдеу көлемі ұлға­йып, өткен жылғы 83%-бен салыс­тыр­ғанда 94%-ға жетті. Kaspi.kz мо­биль­ді қолданбасы арқы­лы сатып алуды таңдайтын қазақ­стандықтар көбейіп келеді.

 

Тауар түрлері

  • Сәуір айында Kaspi.kz-тегі магазинде ұсынылған тауар саны өткен жылдың сәуіріндегі 130 000-нан ұлғайып, 220 000-ға жетті.
  • Сұранысқа ие жаңа санаттар пайда болды – киім, аяқ киім, жаттығу жабдықтары, спорт тағам­дары, декоративті кос­ме­­тика, жөн­деуге арналған құрал­дар, құрылыс жабдықтары мен жануар­ларға арналған тауарлар және басқа да көптеген зат.
  • Тапсырыс көлемі бойынша ТОП 10-қа үй мен саяжай заттары (+464%); спорт пен туризм (+406%); құрылыс пен жөндеу (+394%); бос уақытты өткізу мен кітаптар (+379%); әшекейлер мен аксессуар­лар (+231%); сән мен денсау­лық (+176%); ТВ, аудио, видео (+172%); компьютерлер (+166%); жиһаз (+141%); балалар тауарлары (+129%) сынды санаттар кірді.
  • Карантин мен төтенше жағ­дай кезінде 2020 жылдың сәуі­рін­де 2020 жылдың наурыз айымен салыстырғанда шаш қию құ­рал­­дары (+716%), газоншап­қыш (+477%), еден таразылары(+363%), секір­гіш жіп пен гантель­дер (+351%), ас үй таразысы мен пісіруге арналған формалар (+277%) са­тылым жағы­нан ерекше өсім көрсетті.

 

Серіктестер

  • Kaspi.kz-тегі магазин ар­қылы тауар сататын компа­ния­лар­дың 80%-ы шағын және орта бизнес нысандары
  • Kaspi.kz түрлі тауар өндіру­ші қазақстандық компаниялармен бел­сенді жұмыс істейді. Өткен жыл­дың сәуірінен бері электронды коммерцияның үздік платформасына ADILI (аксессуарлар), Астау (ыдыс-аяқ), Balausa jewelry (әшекей бұйымдары), BEKZAT sport (спорт тауарлары), VEGA (сән бұйым­дары мен әшекейлер), GLASMAN (киім), DiDi Style (киім), EMPIRE (сувенирлік заттар), Казахювелир (әшекей заттары), KresloComfort (жиһаз), MIMIORIKI (балалар та­уарлары), OTAN (сағат), ОЮ (кілем), SMAN (аяқ киім) және басқа да қазақстандық танымал брендтер мен компаниялар қосылды.
  • Өткен жылдың сәуірінен бері Kaspi.kz-те adidas, BOSCH, CASIO, Columbia, DECATHLON, DeFacto, MANSOON, Marks & Spencer, Milavitsa, Nike, Reebok және басқа да танымал халықаралық брендтер сатыла бастады.

 

Жеткізу

  • Жыл басынан бері алғашқы 4 айда өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда жеткізілген тапсырыс көлемі 3 еседен асты. Kaspi.kz жеткізу қызметі аясында Қазпошта, DHL, DPD, Gallop, Pony Express мен Zammler сынды жетекші курьерлік алты компаниямен серіктес.
  • Сәуірдің екінші жартысында Kaspi.kz тегін жеткізе бастады және өз есебінен бүкіл ел аумағын­­д­а 240 000 тапсырыс орын­дады. 2020 жылдың сәуір айында ком­па­ния күн сайын 2019 жыл­дың қара­ша айындағы Kaspi Жұма тиімді са­тып алу мерекесінің барлық уа­қы­­ты­нан да көп тапсырыс орындады.
  • Kaspi.kz жоспарлы түрде қала­лар санын ұлғайтуда және 2019 жылдың сәуіріндегі 34 қаламен салыстырғанда 2020 жылдың сәуір айында Қазақстанның 54 қаласына зат жеткізді. Енді Ақсу, Алтай, Арал, Арыс, Байқоңыр, Бейнеу, Жар­кент, Зайсан, Каратау, Кентау, Қордай, Лисаков, Риддер, Саран, Степногор, Текелі, Шардара мен Шу қалаларының тұрғындары сатып алумен бірге жеткізу қыз­метін пайдалана алады.
  • Тапсырыс көлемі бойынша Түркістан (+436%), Жетісай (+399%), Балқаш (+362%), Қапшағай (+358%) және Ақсай (+354%) қалалары ең жоғары өсім көрсетті
  • Жеткізу қызметі бойынша ең жоғары үлес Алматы (34%), Нұр-Сұлтан (14%), Шымкент (6%), Қара­ғанды (6%) және Ақтөбе (4%) қалаларында. Бұл ТОП 5 қа­ла­ның үлесі барлық жеткізілген тап­сырыстардың 64%-ын құрайды.

4