Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Қызылорда: Балабақша ұжымы мақтааралдықтарға көмек көрсетті

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентіндедегі «Алпамыс» балабақшасының ұжымы су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына қаржылай көмек көрсетті.

Қызылорда: Балабақша ұжымы мақтааралдықтарға көмек көрсетті

Эльмира Нұрмағамбетова басшылық жасайтын балабақша ұжымы қасиетті Рамазан айында арнайы ашылған есеп шотқа қаржы аударды.

Қайырымдылық шарасынан балабақшаның ата-аналары да қалыс қалмапты. Сауапты іске олар да өз үлестерін қосқан.

Көп ұзамай балабақша ұжымына Жетісай аудандық «Зекет қорының» жетекшісі Нұрқазы Нәлібаев қаражаттың бір бөлігіне Жетісай қаласындағы №119 мектепте орналасқан мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен балаларға қажетті заттар алып берілгенін айтқан. Бұл жерде Мақтаарал ауданына қарасты Өргебас және Жеңіс ауылының тұрғындары жайғасқан.

Ал қаражаттың қалған бөлігіне тағы да тұрғындарға қажетті заттар алынып, балабақша ұжымының атынан Жетісайдағы азық-түлік қоймасына тапсырылған.