Үкімет • 19 Мамыр, 2020

Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Қаржы министрлігінің ұжымына жаңа министр Ерұлан Жамаубаевты таныстырды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды

Үкімет басшысы Қаржы министрлігінің алдына еліміздегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бюджет шығындарын оңтайландыру, бюджеттің атқарылуы, кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімділігін арттыру бойынша маңызы үлкен міндеттер қойылып отырғанын атап өтті. 

А. Мамин Е. Жамаубаевтың қаржы-банк саласындағы зор еңбек тәжірибесі жаңа министрге қойылған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді деген сенім білдірді. 

Е. Жамаубаев ұзақ жылдар бойы Ұлттық банк жүйесінде еңбек еткен, жетекші сарапшыдан бастап департамент директоры лауазымына дейін өскен. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарған, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімін басқарған, ҚР Президентінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Осы тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігінде жауапты хатшы қызметін атқарған.