Әлем • 19 Мамыр, 2020

Қытай коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 млрд доллар бөледі

794 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында мәлімдеді.

Қытай коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 млрд доллар бөледі

Қаржылай көмек алдымен дамушы елдерге беріледі. Си Цзиньпин эпидемиямен күреске қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмек хабы құрылатынын жеткізді. 

Сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға жедел ден қою қажеттігін айтты және осы саладағы басқарудың жаһандық жүйесін дамытуға күш салуды ұсынды.

ҚХР Төрағасы Қытайдың халықаралық ұйымы дертке қатысты барлық мәліметті дер кезінде таратқанын атап өтті.