Келер жылғы көктемде Астанада «Зияткерлік көлік жүйесі» жобасының бірінші бөлігі іске қосылады. Бұл туралы «SmartAstana-2013» III халықаралық конференциясында сөйлеген қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
Келер жылғы көктемде Астанада «Зияткерлік көлік жүйесі» жобасының бірінші бөлігі іске қосылады. Бұл туралы «SmartAstana-2013» III халықаралық конференциясында сөйлеген қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
Ірі бизнес құрылымдары мемлекеттік сатып алудан шеттетілмейді. Кеше Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан - Қытай» мұнай құбырын дамыту және пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы заң жобасын талқылау кезінде сенатор Икрам Адырбеков осылай деді.
Қашағандағы мұнай өндірісі 3-4 күнге тоқтатылды. Қазір осындағы апаттың себептерін анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Ал төтенше жағдай зауыттан шамамен 3 шақырым жердегі Д аралынан келетін газдың кемуінен байқалды.
Шымкентте стоматологтардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды. Кеше сөреден шыққан екі күндік бұл форумға 400-ге жуық делегат қатысып, сала проблемаларын талқылауда. Жиынның мақсаты халықаралық озат тәжірибе алмасу болып табылады.
Семейде футболға қатысты сирек жәдігерлер көрмесі ашылды. «Бұл көрменің пайда болуына бізге футбол ардагерлері, олардың туыстары, осы ғажайып ойынның жанкүйерлері көп септігін тигізді», – дейді мұражай қызметкері Тақтаған Сердалина.
Кеше Ақтау қаласының жанындағы Приморский кентіне газ құбыры келіп жетті. Осыған арналған салтанатта Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев енді елді мекен тұрғындарының тұрмыстық ахуалы жақсара түсетінін айтты.
Алматы прокуратурасы 140 мың күдікті алкоголь шөлмегін тапты. Материалдар соттың қарауына берілді, соттың шешімінен кейін алкоголь өнімі жойылады.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.