– Біздің 2020-2021 жылдарға арналған күзгі-қысқы маусымға арналған дайындық жоспарымызға сәйкес, 19-20 мамыр күндері қалаішілік жылу желілері гидравликалық тығыздығы мен беріктігіне тексеріледі. Гидравикалық жұмыстар кезінде ыстық су⠀болмайтынын хабарлаймыз, - деп ақпарат таратты «Атырау жылу жүйелері» АҚ.
Кәсіпорын мамандары тұрғындарға бұл күндері сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертіп отыр. Жылу жүйелерінің тұрбасына таяу маңға көліктерді қоймауды еске салды. Өйткені, қауіпсіздік шаралары сақталғанмен, тосын жайт болуы мүмкін.