27 Қыркүйек, 2013

Ірі бизнес заң шеңберінен тыс қалмайды

255 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырын дамыту мен пайдалану және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің адамдарды іздестіру мәселелеріне қатысты заңдық құжат жобаларын талқыға салды.

 

Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырын дамыту мен пайдалану және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің адамдарды іздестіру мәселелеріне қатысты заңдық құжат жобаларын талқыға салды.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының үкіметтері арасындағы «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырын дамыту және пайдалану кезіндегі ын­тымақтастықтың кейбір мәсе­ле­лері туралы келісімді қараған Сенат оны ратификациялады. Келісімде мұнай құбыры арқылы қазақстандық шикізатты сыртқа тасымалдау қызметінің тарифі бірыңғай болып табылады және мұнай тасымалдау бағытының ұзақтығы есепке алынбай белгі­ленеді деп көрсетілген. Осы ретте қазақстандық нарыққа мұнай берудің тарифі экспорттыкінен ас­пауы тиіс. Бұдан басқа, мұ­най құбыры өтетін жол бойын­да электр тарату және байланыс,­ жол,­ қазандықтар мен әлеу­мет­тік нысандардың, сондай-ақ­ бар­­лық инфрақұрылым негізін­де 8 қосымша сорғылық айдау стансаларының құрылысы қамтамасыз етілетіні белгілі болып отыр.

Мұнай құбыры Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аумағымен өтетін болғандықтан, өңірлердің қарқынды дамуына серпін береді деп күтілуде. Қосымша 1000 жұмыс орны ашылады екен. Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің мәліметіне қарағанда, 2019 жылға қарай еліміз ішкі нарығын жанар-жағар маймен толық қамти алады. Оның сөзіне қарағанда, Үкімет қабылдаған бағдарламаға сәйкес мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту арқылы еуро-4 және еуро-5 бензинін шығару қолға алынған. Мысалы, Атырау мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары басталса, екі жылдан соң бұл нысан жұмысқа толық кірісетін болады. Ал Павлодар мен Шымкенттегі зауыттар өз кезектерін күтуде. Депутаттардың алаңдаушылық білдірген сауалдарына орай жауабында министр Қазақстанның мұнай өндірісі саласындағы Қытайдың үлесі 24 пайызды құрайтынын көлденең тартты.

Ұ.Қарабалиннің пайымдауынша, қытайлық мұнай компаниялары Қызылорда мен Атырау облыстарында мұнай өндіріп жатыр және аталған өңірлердің кен орындарындағы шикізаттың азаюына байланысты ҚХР үлесі алдағы уақытта 7-8 пайызға дейін кемуі мүмкін. Қазіргі таңда еліміздің мұнай саласына АҚШ компанияларының құйған инвестициясы артып, мұнай өндірудегі үлесі 25 пайызды құрайды екен.

Соңғы кезде Қазақстанның ірі бизнес құрылымдарын мемлекеттік сатып алу туралы заң шеңберінен шығару қалыпты жағдайға айналып бара жатқандығына алаңдаушылығын білдірген палатаның Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков мұның «Самұрық-Қазына» қорының құрылымдарынан басталып, кейіннен үлкен кәсіпорындарға ұласып кеткендігіне қынжылыс білдірді. «Соған байланысты «Қазақстан заңы бизнеске қолайсыз ба әлде оның дамуына кедергі туғызып отыр ма?» немесе бұл «инвесторлар қысымынан туып отырған жайт па?» деген заңды сауалдар туындайды», деді сенатор. Көптеген ірі кәсіпорындардың, ірі бизнестің заң шеңберінен тыс қалғандығын алға тартқан комитет төрағасы мұндай жағдай шағын және орта бизнестің дамуына кері әсерін тигізіп жатқанға ұқсайды деген пайымын жеткізді. Мәселен, ірі мұнай және газ компаниялары шоғырланған Атырау облысында соңғы жылдары шағын және орта бизнестің өңірдегі үлесі 8,1 пайыздан 7-ге төмендесе, Маңғыстауда бұл көрсеткіш 16 пайыздан 11-ге кеміген. И.Адырбековтің пайымынша, «Қазақстан – Қытай» мұнай құбыры секілді жобаларда ірі бизнесті заң шеңберінен тыс қалдырмау керек.

Сондай-ақ, депутаттар жалпы отырыстың күн тәртібінде «Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­тығына қатысушы мемлекеттер арасындағы адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады. Аталған шартқа Түркіменстан мен Украинадан басқа ТМД-ға қатысушы 9 мемлекет басшысы Мәскеуде қол қойғаны белгілі. Қазіргі кезде ол Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова және Өзбекстан елдерінде күшіне енген. Жалпы, келісім бойынша қылмыскерлерді бірлескен жедел-іздестіру шаралары, сұрау салулар тәртібі, іздеуде жүргендер туралы ақпараттар алмасу тәртіптері қарастырылады. Құжат аясында мемлекетаралық іздестірудің орталықтандырылған ақпар

Соңғы жаңалықтар