Президент • 19 Мамыр, 2020

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің онлайн отырысына қатысты.

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты

- Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің  2025 жылға дейінгі экономикалық ықпалдастық стратегиясын талқылауға арналған отырысында құжаттың жекелеген ережелерін қайта қарауды ұсындым. Жалпы мақұлдап, жетілдіре түсу қажет. Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі ынтымақтастықты дамыту жөніндегі нақты ұсыныстарымды айттым, - деп жазды Президент Twitter парақшасында.

Айта кетейік, саммит Минск қаласында өтуі тиіс еді. Коронавирус пандемиясына байланысты аталған жиын бүгін онлайн форматта өтті.