27 Қыркүйек, 2013

Инвестиция тарту үшін ұтымды тұғырнама

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

02-сенат2Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төр­­ағасы Қайрат Мәми Люк­сембург Ұлы Герцог­ті­гінің елшісі Пьер Феррингті қа­былдады, деп хабарлады палатаның баспасөз қыз­меті.

02-сенат2Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төр­­ағасы Қайрат Мәми Люк­сембург Ұлы Герцог­ті­гінің елшісі Пьер Феррингті қа­былдады, деп хабарлады палатаның баспасөз қыз­меті.

Кездесуде екі елдің саясат және сауда-экономика салаларындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды. Жоғары деңгейдегі өзара сенімді диалог қалыптасқаны, үкіметтік және іскерлер қауымдастықтары деңгейіндегі байланыстар өрістеп келе жатқаны айтылды.

Қ.Мәми атап өткендей, екі елдің парламентшілері арасындағы үнқатысу мемлекетаралық өзара іс-қимылдың маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстан Парламентінің Сенаты Люксембург Парламентімен тығыз байланыс­тар орнатуға, сондай-ақ ЕҚЫҰ және НАТО Парламенттік ассамблеялары секілді халықаралық парламентаралық ұйымдар аясында көпжақты байланыстарды дамытуға мүдделі. Осыған қоса, Қазақстан үшін Люксембургпен екіжақты ынтымақтастықты дамыту Еуропалық Одақпен стратегиялық әріптестікті өрістету тұрғысында да маңызды болып табылады.

«Қазақстан Люксембургтің аймақтағы негізгі әріптесі болып табылды және біз сіздің еліңізбен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз», – деді П.Ферринг өз кезегінде. Оның пікірінше, Люксембург Қазақстанға халықаралық инвестиция тарту үшін жақсы тұғырнама бола алады.

Соңғы жаңалықтар