Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Алматы: Мектеп бітіру шараларын ұйымдастыруда неге тыйым салынды?

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мектептердегі оқу жылының аяқталуы мен аттестаттарды тапсыру рәсіміне қатысты онлайн брифинг өтті.

Алматы: Мектеп бітіру шараларын ұйымдастыруда неге тыйым салынды?

Брифингте Алматы қаласы білім Басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева түлектердің санитарлық талаптар мен қауіпсіздікті сақтауда линейкалардың мектеп аумағында ашық аспан астында өтуі, оған қатысатын түлектердің мектеп формасын киюі және басқа да мәселелер ерекше бақылауға алынатындығын атап өтті.

Мектеп бітіру шараларын ұйымдастырудағы маңызды атап өтетін жайт, мыналарға рұқсат етілмейді:

– Аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жекеменшік студияларды шақыруға;

– Мектеп бітіру шарасын салтанатты етіп өткізуге;

– Мерекелік столдарды ұйымдастыруға;

– Автокөліктерді жалға алып, қалада экскурсия жүргізуге.

Қалалық қаласы білім Басқармасыынң басшысы қандай да бір мектеп шараларын өткізуге ақшалай қаржы жинауға жол берілмейтіндігін ескерте келе: «Сонымен бірге, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қаладағы 200-ден астам мемлекеттік мектеп жан басына қаржыландыруға көшті, соның аясында көптеген міндеттер шешімін тауып, әсіресе мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылды.

Осыған байланысты мектеп қажетіне арнап, мәселен, жөндеу жұмыстары үшін ақшалай қаржы жинауға жол берілмейді», деді.

Барлық мәселе бойынша қалалық білім Басқарма тарапынан ата-аналар мен мұғалімдер арасында үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

АЛМАТЫ