Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Алматыда биыл ҰБТ-ға қатысуға өтініш беру форматы өзгерді

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түлектерден өтініш қабылдау 20 сәуір 10 мамыр аралығында http://ent2020.testcenter.kz. Сайтында онлайн тіркеу арқылы жүзеге асты. Маусым айында ҰБТ-ге 190 мемлекеттік және 49 жекеменшік мектеп қатысады. Барлығы 9047 түлек өтініш берген, олардың 8575-і онлайн режимде және 472 адам дәстүрлі түрде тапсырмақ.

Алматыда биыл ҰБТ-ға қатысуға өтініш беру форматы өзгерді

БҒМ 2020 жылдың 13мамырындағы №201 бұйрығына сәйкес ҰБТ 2020 жылдың 20 маусымы мен 5 шілдесі аралығында өтеді.

ҰБТ қалыптасқан форматта саниатрлық талаптарды орындай отырып ұйымдастырылатын болады.

Қалада ҰБТ өткізудің 8 пункті белгіленді: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, «Нархоз» университеті, Халықаралық білім беру корпорациясы, Халықаралық бизнес университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы технологиялық университеті.

ҰБТ өтетін барлық пункттерде дезинфекция жасайтын тунель орнатылады, ал түлектер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

 

 

 

 

АЛМАТЫ