Қоғам • 19 Мамыр, 2020

Алматыда мектептердегі орын жетіспеу мәселесі қалай шешіледі?

299 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Осы мәселеге байланысты, біздің тарапымыздан мектептерде орын жетіспеушілігін азайту бойынша кезеңді жұмыстар жалғасын табуда»-, деді бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте Алматы қаласы білім Басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Алматыда мектептердегі орын жетіспеу мәселесі қалай шешіледі?

Қысқасы, қалалық білім Басқармасы басшысының мәлімдеуінше, бүгінгі күні мемлекеттік мектептердің 40 пайызына көп салмақ түсіп отыр, қазіргі таңда орын жетіспеушілігі 30 мың орынды құрайды, ал 2020-2022 оқу жылында бұл көрсеткіш 60 мың орыннан асады.

– Мектептердегі жыл сайынғы тұрақты өсім туу және ішкі миграцияға байланысты болып отыр. 2018 жылға дейін контингент орта есеппен 12 мың оқушыға, ал 2019 жылы 17 мың оқушыға өскен.  Қала мектептеріндегі орын жетіспеушілікті азайту үшін 2022 жылға дейін арнайы Білім беру нысандарының жеделдетілген құрылысы бағдарламасы жасалды. Сонымен бірге, маңызды атап өтетін жайт, Бақытжан Сағынтаев «Шекарасыз қала» қағидасын қаперде ұстай отырып, бүкіл қала бойынша білім беру сапасын біртіндеп арттыру міндеті қойылған болатын-, дейді Ләззат Жылқыбаева.

Сонымен Алматы қаласы білім Басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева хабарлағандай, жалпы қаладағы мектептердің құрылысы келесідей механизмдер бойынша жүзеге асырылуда:

Бірінші. «ЖҚЖК» бағдарламасының аясында биыл қала орталығынан шалғайдағы Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 9 мектеп құрылысы басталды. Ол мектептер 12900 орынға және 7000 орынға арналған мектептерге 13 жапсарлас құрылыс салу жоспарлануда.

Барлығы 19 900 орын құрылып, ол 2021 жылы пайдалануға берілмек.

Екінші. Жершілікті және республикалық бюджет есебінен қаржыландыру.  Қазіргі уақытта 1800 орынға шақталған 2 мектептің құрылысы (Мамыр ш/а және Нұршашқан) және 3642 орынға шақталған мектептерге 8 жапсарлас құрылыс жүргізілуде.

Барлығы 5442 жаңа орын ашылып, 2020-2021 жылы пайдануға берілмек.

Үшінші. Биыл 5700 орынға шақталып 5 мектеп салынады. 600 орынға арналған мектепке жалғаса салынатын 2 жапсарлас  құрылыс басталды.

Барлығы 2020-2021 жылы 6300 орын құру жоспарлануда.

Төртінші.  Жеке сектор. Үстіміздегі жылы 2240 орынға шақталған 4 жекеменшік мектеп ашу жоспарлануда. Екеуі биылғы жылы ашылса, тағы екеуі 2021 жылы ашылмақ. 

Осылайша,  2020-2021 жылдары 16 мектеп пен 23 мектепке жапсарлас салынған құрылыс эксплуатацияға енгізіледі. Олардың жалпы орны – 47 463.

2021 жылдың 1 қыркүйегінде орын жетіспеушілігі 80 пайызға қысқарады. Ал күш түсіп отырған мемлекеттік мектептер 44-ке дейін қысқарып, жалпы есепте 20 пайызды құрайды.

2021 жылдың 1 қыркүйегінде орын жетіспеушілігі 12 мыңды құрайды, бұл көрсеткіш 2021-2022 жылдарға жоспарланған мектептердің құрылысы есебінен азайып отырмақ.

Сонымен бірге, 2020 жылдың жаз маусымында жоспарлы түрде алты мектепте: №7, 40, 45, 54, 81, 114 күрделі жөндеу басталып, сейсмологиялық күшейту жүргізіледі.

 

 

АЛМАТЫ