Биыл Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар қолға алынбақшы. Жоспарға енген жобалардың еншісінде жаңа құрылыстар жүргізумен қатар, қазіргі уақытта ұсқыны кете бастаған нысандарды жөндеуден өткізу де бар. Бұл жұмыстар аясында ауылдық жерлер де ұмыт қалмаған. Оларды абаттандыру мен жарықтандыруға да қомақты қаржы қарастырылып отыр. Ал бұл бағдарламаның ең басты мақсаты – қазіргі уақытта «Екі қолға – бір күрек» деп құлшыныс танытып отырған қауымды жұмыспен қамту.

Ниет еткенге нәсіп бар
Қарағанды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған мәліметке сай, биыл өңірде жол картасы аясында 63,7 млрд теңге сомасына 16 106 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Ескере кететін бір жайт, мұның ішінде 8053 орынға жолдама жұмыспен қамту орталықтарынан беріледі.
Жұмыс орындары ашылғаннан кейін онда еңбек ететін адамдардың да әлеуметтік жағдайы назардан тыс қалмайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында басқа жерге барып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтарға ең төменгі екі еңбекақы мөлшерінде, яғни 85 мың теңге шамасында көтерме ақы төленеді. Яғни Қарағанды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүнісбекованың: «Жұмыс беруші мердігерлер халықты жұмыспен қамту орталықтары инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысу үшін жіберген жұмыссыздармен еңбек шартын жасасқан күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде оларға ең төменгі екі еңбекақы мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетеді», деп мәлімдеуін осы тапсырма аясында жасалған нақты қадам деп есептеуге болады.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында бой көтеретін 33 жаңа нысанның қатарында мектептер, бала бақшалар, спорт нысандары және тарихи-мәдени кешендер бар. Мысалы, Жезқазған қаласы мен Жаңаарқа ауданында жаңа мектептер салу, Сәтбаев қаласында балабақша мен оқушылар сарайының құрылысын бастау жоспарланған. Бұдан бөлек, облыста бір операциялық блок пен екі жедел жәрдем стансасы бой көтереді.
Денешынықтыру және спорт саласына да айрықша көңіл бөлінеді. Нақтырақ айтқанда, Жезқазған, Саран, Шахтинск қалалары мен Ұлытау ауданында денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің, Қарағанды қаласы мен Нұра, Жаңаарқа аудандарында жүзу бассейндерінің құрылысын бастау жоспарда бар.
Мәдениет саласына келсек, Жезқазған қаласында тарихи-мәдени кешеннің құрылысы басталады.
Ауқымды жоба ауылды да қамтиды
Бүгінгі күнде коммуналдық қызмет сапасын арттыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Осы шаруаның аясында облыста 15 нысан жаңадан бой көтереді. Су желісі бойынша Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандарында және Саран қаласында сегіз жобаны жүзеге асыру жоспарға алынған. Ал Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауданында кәріз желілерін ауыстыру бойынша жұмыстар басталады. Мұнымен қатар Қарағанды, Балқаш, Саран және Шахтинск қалаларында жылу желілері жаңадан тартылып, Шахтинск қаласында электр желісі тартылады. Сондай-ақ облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіле береді.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, жол картасы аясында ауылдық жерлер де назардан тыс қалмайды. Мысалы, елді мекендерді абаттандыру бойынша қолға алынып жатқан 134 жоба аясында 47 көшеге жарық шамдары орнатылып, екі көшеге жасыл желектер отырғызылады. Бұған қоса, 27 саябақ пен сквер жаңғыртылып, иесіз тұрған 4 нысан құлатылады және 9 балалар мен спорт алаңдарын ашу көзделген.
Сонымен қатар аталған жол картасы бойынша ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмей, тозып тұрған 458 мәдени-әлеуметтік нысанға, инженерлік-транспорттық инфрақұрылымға және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Биыл қолға алынған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» ауқымының кеңдігін айта кеткен ләзім. Мысалы, бұл бағдарлама 140 елді мекеннің аумағын қамтиды. Қазіргі уақытта бұл шарапатты шаруаға ат салушыларды анықтау, жөндеу жұмыстарының кестесін жасау және отандық өндірушілерді тарту мақсатында жұмысқа қажетті құрылыс материалдарының көлемін нақтылау жұмыстары пысықталу үстінде.
Бұл жерде аталған жобаларды іске асыру жұмыстарына ресми тіркеуде тұрған жұмыссыздарды мейлінше көбірек тарту басым бағытта қарастырылатын болады. Әсіресе жұмыссыз жастарға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде осы мақсатта WhatsApp желісінде онлайн-кеңес беру тобы ашылып, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы туралы және инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа қабылдау жайлы ақпараттар жарияланған.
Ал қазіргі таңда еңбек ресурсында арасында бетоншы, тас қалаушы, электр шебері, дәнекерлеуші және басқа да мамандық иелері бар 9715 адамның тұрғанын есепке алсақ, бұл облыстағы жұмыссыздық мәселесін шешудегі өте зор мүмкіндік.
«Жол картасы» – жіті назарда
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында сатып алынатын жұмыс пен қызмет түрлеріне қойылатын талаптар да қатаң болады. Бүгінгі күнде ол жөнінде бағдарлама әкімшілері және қалалар мен аудандардың басшылары хабарланып, тиісті құжаттарды қабылдап алған. Бұдан бөлек, аудандар мен қалалардағы жұмыспен қамту орталықтарының базасында 18 қозғалмалы рекурт бекеттері ашылып, автокөлікпен қамтамасыз етілді.
Таяуда Жезқазған, Сәтбаев қалаларына жұмыс сапарымен барған облыс басшысы Жеңіс Қасымбек өңірдегі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан болатын. Сонда белгілі болғандай, бір ғана Жезқазғанда аталған бағдарлама бойынша жалпы сомасы 3,9 млрд теңге болатын 36 жоба жүзеге асырылуда екен. Оның ішінде, 33 инфрақұрылымдық жоба және үш құрылыс жобасы бар. Ал Сәтбаев қаласында жол картасы аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім беру, құрылыс, денсаулық сақтау салалары бойынша 18 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Үш балабақшада, төрт мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталыпты. Аурухананы күрделі жөндеу жоспарланған. Жолдар қалыпқа келтіріліп жатыр. Осы аталған барлық жобалар бойынша 800-ге жуық адамды жұмыспен қамту көзделген.
Жалпы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының Қарағанды облысындағы жұмыссыздықтың деңгейін біршама төмендететіні белгілі. Облыс басшылығы жоспардағы жобаларды толықтай іске асыруға барлық мүмкіндіктердің қарастырылғанын айтады. Сонымен қатар «Жол картасы» бағдарламасының орындалу барысын жергілікті атқарушы билік жіті назарына алған. Бұл турасында өңір басшысы Жеңіс Қасымбек облыстың қалалары мен аудандарын жұмыс сапарымен аралау барысында жиі еске салып жүр.
Қарағанды облысы
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 20:30
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:06
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар