Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Павлодарда тоғызқұмалақ пен шахматтан облыстық онлайн турнир басталды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахмат турнирі 31 мамырда, тоғызқұмалақ турнирі 29 мамырда аяқталады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.


Павлодарда тоғызқұмалақ пен шахматтан облыстық онлайн турнир басталды

-Басқарманың аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығымен шахматты насихаттау және танымал ету мақсатында турнир өтеді. 2020 жылдың 16 мамыры мен 31 мамыры аралығында www.chess.com ойын платформасын қолдану арқылы үй жағдайында «Biz birgemiz» электронды клубында 18 жасқа дейінгі оқушылар шахматтан блиц турнирге қатысады, - деді баспасөз қызметінде.

Шахмат жарысы 6 кезеңде өтеді. Қазіргі уақытта бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша «Timur_Balmagambetov» - 77.5 ұпай, «Masterchess77777» - 61 ұпай, «123974» - 60,75 ұпай жинаған.

Сонымен қатар спорттық шеберлікті арттыру мақсатында 2020 жылдың 18-29 мамыр аралығында №1 БЖСМ базасында онлайн режимде Павлодар облысының мектеп және колледж оқушылары арасында тоғызқұмалақтан облыстық турнир өткізіледі.